"Кешірім сұраймыз". Цифрлық құжаттағы деректер неге өзгергені белгілі болды

"Кешірім сұраймыз". Цифрлық құжаттағы деректер неге өзгергені белгілі болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты цифрлық құжаттағы деректер неге өзгергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, биыл 1 наурызға қараған түні UTC + 05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмысы жүргізілген. Еліміздегі 64 ақпараттық жүйе орналасқан 11 мыңнан аса виртуалды сервер жаңартылған.

Мемлекеттік органдар да өзіне қарасты ақпараттық жүйені жаңартып жатыр.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин цифрлық құжаттағы деректер неге өзгергеніне қатысты түсінік берді.

"Жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді eGov.kz сайтынан алуға болады, ол штаттық режимде қолжетімді. "Цифрлық құжаттар" сервисінде деректерді дұрыс көрсетпеу бойынша кейстер анықталды. Бүгінде біз барлық қажет жұмысты жүргізіп жатырмыз және өзекті деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді басшы.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге "қартайғаны" хабарланды.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz