"Ауылдарда жасырынып жүрген". Ақмола облысында қылмыскер 25 жылдан кейін ұсталды

Ақмола облысында Ресейде адам өлтіріп, 25 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1999 жылғы 12 наурызда Томск қаласында Қазақстан азаматы өзінің танысын өлтіріп, қашып кеткен. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша айып тағылған. Сол уақытта күдіктіні табу мүмкін болмаған. Сондықтан РФ Томск облысы ІІМ басқармасы күдіктіге іздеу жариялаған. Ер адам 25 жыл бойы жасырынған", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыскерді Атбасар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұстады. Ол өңірдегі ауылдардың бірінде жасырынған.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!