Келесі күнге қалдырып жеуге мүлде болмайтын 4 тағам

Келесі күнге қалдырып жеуге мүлде болмайтын 4 тағам
Фото: pixabay.com

Егер тағам немесе кез келген өнімнің балғын екеніне күмәндансаңыз, оны тұтынбағаныңыз абзал. Денсаулық асқа қарағанда қымбатырақ, өйткені жарамдылық мерзімі өтіп, ашып кеткен тағамды жейтін болсаңыз, уланып, оның салдары ауыр болуы мүмкін. 

Екінші күні мүлде жеуге болмайтын тағамдар:

Жұмыртқа. Шикі жұмыртқаны тоңазытқышта ұзақ уақыт сақтауға болады, бірақ кешегі таңғы немесе кешкі астан қалған қайнатылған, қуырылған жұмыртқаны жемеген дұрыс;

Асжапырақ (шпинат). Дәрігерлер асжапырақ қосылған тағамдарды пісіргеннен кейін бірден жеуге кеңес береді;

Күріш. Піскен күріште қауіпті спора түзетін Bacillus Cereus бактериялары болуы мүмкін. Оны тоңазытқыштан тыс жерде сақтасаңыз, құсу мен диареяға әкеп соқтырады;

Картоп. Піскен, яғни қайнатылған картоп бөлме температурасында 2 сағат ішінде ашып кетуі мүмкін, сондықтан оны тұтынбаған жөн. 

Сонда да кешеден қалған тағамды жылытып жеуді шешсеңіз, оның жақсы және біркелкі жылығанына жақсылап көз жеткізіңіз. Денсаулыққа қауіп төндірмей, тоңазытқышта дұрыс сақталса, келесі күні шұжық, балық және тауықты жеуге болады.

Айта кетейік, бұған дейін микротолқынды пеште жылытқанда уға айналатын азық-түліктер туралы хабарланған болатын. 

Дәрігердің айтуынша, фаст-фудты жылытып жеген кезде денсаулыққа ерекше қауіп төнеді. Өйткені фаст-фуд микротолқынды пеште қыздырылған кезде құрамындағы табиғи майлар транс майларға, ал егер өнімде бастапқыда транс майлар болса, олар уға айналады. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз айында туған адамдар қандай болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә