Ауруханадан шығып, жоғалып кеткен: Қостанайдағы зейнеткер өз үйінің жанынан өлі табылды

Ауруханадан шығып, жоғалып кеткен: Қостанайдағы зейнеткер өз үйінің жанынан  өлі табылды
Фото: видеодан алынған кадр

Қостанайда жоғалған 68 жастағы зейнеткерді күні бойы іздеді. Әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген, бірақ ол ем алмастан, түнде үйіне кеткен. Келесі күні кешке із-түзсіз жоғалған әйел үйінің жанынан өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас жедел жәрдеммен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген.

"Емдеу кезінде ол жедел жәрдем дәрігеріне қаралып, талдаулар алынып, стационарлық емдеуге жатқызу ұсынылды, бірақ науқас ауруханаға жатқызудан жазбаша түрде бас тартты", - деп хабарлады қалалық аурухана.

Дәрігерлердің айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа такси шақырып берген, ол оған мініп, қалалық ауруханадан шығып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПОИСКОВЫЙ ОТРЯД РЕГИОН 10 (@poisk_region_10)

Алайда әйел үйіне бармаған, оған іздеу салынды. Іздеу жұмыстарына 50-ден астам полиция қызметкері, 150-ге жуық ерікті және қала тұрғындары тартылды.

Қостанай облысының полиция департаментінің мәліметінше, сағат 19:30 шамасында Станционная көшесінің маңында зорлық-зомбылық белгілері жоқ зейнеткердің мәйіті табылды.

"Өлімнің алдын ала себебі - гипотермия. Осы факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан