Тәттінің ағзаға зиянын азайту үшін жеу керек 7 тағам

Тәттінің ағзаға зиянын азайту үшін жеу керек 7 тағам
Фото: pixabay.com

Кейде "өзіміз тойсақ та, көзіміз тоймай" тәттіні тым көп жеп қоямыз. Салдарынан жүрек айниды, асқазанда ауырлық сезімі пайда болады немесе бас ауырады. Ал ең ауыры тәтті бәліш пен оның құрамындағы қант ағзада қабыну процессін дамытуы мүмкін. Сондықтан диетолог Дезире Нильсен тәтті денсаулыққа қауіп төндірмеуі үшін жеу керек 7 тағамды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тым көп мөлшерде қант тұтынғанда, қандағы глюкоза деңгейі күрт көтеріліп, төмендейді. Кейін адам қайта қарны ашып, қарапайым көмірсу жегісі келеді", - дейді маман. 

Мұның алдын алу үшін тәтті тағам тұтынғаннан кейін ақуыз, талшық және пайдалы майларға бай тағамдарды жеп, қандағы қант деңгейін тұрақтандыру қажет. Дәл осы үш компонент қоректік заттардың қанға түсу жылдамдығын бәсеңдетеді және тәбетке жауап беретін гормондарды тыныштандырады.

Қандағы қант деңгейін тұрақтандыру үшін тәтті тағамнан кейін мына өнімдерді жеу керек:

  • айқышгүлді көкөністер - ақ қырыққабат, брокколи, шалғам;
  • дәмдеуіштер - куркума және зімбір;
  • омега-3-ке бай зығыр тұқымдары;
  • авокадо.

"Үнемі тәтті жеуге деген құмарлықты табиғи жидек тұтыну арқылы басуға болады. Олар қабынуға қарсы флавоноидқа бай және тәттіге деген құмарлықты қанағаттандыру үшін қолайлы", - дейді дәрігер. 

Жасыл көкөністер асқазанды тыныштандырады

"Тәттіні тым көп жегеннен асқазаныңызда ауырлық сезімін тудырса, жасыл ащы көкөністер жақсы көмектеседі. Балдыркөк сабағы, қияр, зімбірдің бір бөлігі, лимон шырыны және ақжелкеннен смузи дайындап ішуге болады", - деді диетолог.

Зімбір - жүрек айнуымен күресуге тамаша тәсіл, ал лимонның қышқылы асқазанды тыныштандырып қана қоймай, смузиге дәм береді.

Айта кетейік, бұған дейін тәтті, тұзды, қышқылды қалайтындардың ағзасына не жетіспейтіні хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Тері арқылы қанша жылу бөлінеді?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә