Ақтауда полиция көлігі жол апатына ұшырады

Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтау әуежайына барар жолда жол апаты болды. Өңірдің Полиция департаменті өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полиция батальонының инспекторы рөлді тігзіндей алмай, Opel Astra көлігімен соқтығысты.

Ведомство мәліметінше, жол апаты полицейдің кінәсінен болған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Видеодан кадр

Айта кетейік, жол апаты 29 ақпанда Ақтау халықаралық әуежайына барар жолда болған. Патрульдік көлік басқа көлікпен соқтығысқан. Полицейлердің бірі ауруханаға жатқызылып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге шығарылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова