Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны жиі пайдалана бастаған

Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны жиі пайдалана бастаған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру кәсіпкерлердің жұмысына қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық банк мәліметінше, (тұрғындар - еск.) қолма-қол ақшаны жиі пайдалана бастаған.

"Қазір біз бұдан басқа ешқандай жағымсыз жағдайды көрмедік. Бүгінде қолма-қол ақшамен сауда жасауға көшкен кәсіпкерлердің бір бөлігі шығынға ұшырып жатқаны түсінікті. Клиенттер қолайлы жағдайға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға әбден үйренді. Көптеген клиент енді қолма-қол ақшаны қайта пайдаланғысы келмейді. Демек олар қолма-қолма ақшасыз есеп айырысатын кәсіпкерлерге барады. Осылайша, тұтынушылар дауыс беріп жатыр. Мен көптеген кәсіпкер бұл жағдайда да бейімделеді деп ойлаймын", - деді Тимур Жақсылықов Сенат кулуарында.

Еске салайық, бұған дейін былтыр қазақстандықтар қанша теңге мобильді аударым жасағаны хабарланды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Каипов мобильді аударымдарға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап берді.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz