Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: ҰЭМ кәсіпкерлерді сабыр сақтауға шақырды

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жаксылықов Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшкенімен кәсіпкерлерге айтарлықтай шығын келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің орынбасары бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты барлық сұраққа Сауда және интеграция министрлігі жауап беретінін, тиісті талдау жүргізілгенін айтты.

"Біз бизнесте айтарлықтай шығын болады деп ойламаймыз. Керісінше тұтынушыларда қандай да бір қолайсыздық туындаса, ол уақытша болады. (Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу – еск.) кең байтақ елімізде жұмыс уақытының бір уақытта басталуына мүмкіндік беріп, бизнес ұзақ мерзімді оң нәтижеге ие болады. Мемлекеттік қызметтерді алуға байланысты барлық рәсім бір уақытта басталып, аяқталады. Менің ойымша, бұл белгілі бір деңгейде бизнеске оң әсерін тигізеді", - деді Тимур Жаксылықов.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!