"Сендерді өлтіремін деді". Алматы облысында ер адам үйге баса-көктеп кіріп, 4 баланы ұрып қорлаған

"Сендерді өлтіремін деді". Алматы облысында ер адам үйге баса-көктеп кіріп, 4 баланы ұрып қорлаған
Фото: Видео кадры

Алматы облысындағы жер үйлердің бірінде 47 жастағы ер адам 4 баласы бар үйге баса-көктеп кіріп, балаларды ұрып қорлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасында айтылды. Оқиға 15 ақпанда сағат 18:00-де 4 баланың анасы дүкенге кеткенде болған. Сәтті пайдаланған 47 жастағы ер адам үйге баса көктеп кіріп, бір баланың қолын байлап, екіншісінің ернін тілген. Қалған екі бала сабақтан қайтып келе жатқан. Балалар үйге кіргенде ер адам пеш жақта тұрған. 

"Бетіндегі бетпердені шешкенде таныдық. Сендерді өлтіремін деді. Басымыздан соғыстырғанда екі жаққа ұшып кеттік", - деді ол.

Үйдің үлкені қашып құтылғысы келгенімен, ер адам дес бермеген. Терезені сындырып, үлкен баланың артындағы сөмкесін жұлып, артына пышақ сұққан.

Балаларға алғаш болып көмектескен - көршілер. Олардың айтуынша, балалар қатты жылағаннан өздерін баса алмаған. Балалар күдікті танып отыр. 

Бағдарлама аясында күдікті Бақытжан есімді ер адам екені анықталды. Ол балалардың әйелі Ақмарал Жакупеновамен таныспақ болған. Бақытжан мен Ақмарал араласып, бірге тұрып бастаған. Ақмарал Бақытжаннан жүкті болып, кейін аборт жасатқан. Оның айтуынша, Бақытжан сол үшін Ақмаралдың балаларын өлтіргісі. келген. 

Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов бұл іске қатысты пікір білдірді. 

"Күдікті қамауға алынды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек