Жамбыл облысында боранға байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Жамбыл облысында боранға байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Tengrinews.kz

2024 жылғы 28 ақпан сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты бір облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 шақырым 1 автожол. (боран, шектеулі көрініс):

  • "Алматы-Ташкент-Термез", Кенен а. - Қайнар а. (автокөліктің барлық түрі үшін)

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарға 296 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан