"Нәзік дауыс кедергі емес". Ерке Есмахан боқтауға қатысты ойын айтты

Әнші Ерке Есмахан оқырманының "Өмірде боқтайсыз ба?" дейтін сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің оқырманы "Даусыңыз нәзік. Боқтайсыз ба?" деп сұраған.

"Мен кіші жүздің қызымын, сондықтан мінезімде қайсарлық, шыншылдық, жігер және ақылды жындылық бар. Боқтауға нәзік дауыс кедергі емес", - деп жауап берді әнші.

Еске салайық, мұның алдында әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шыққан бір жылдың ішінде күйеуімен қол ұстасып әлі еш жерге бармағанын айтқан еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!