Астанада жол тазалаушыға шабуыл жасаған ер адам да, жұмысшының өзі де жазаланды

Астанада жол тазалаушыға шабуыл жасаған ер адам да, жұмысшының өзі де жазаланды
Фото: видеодан алынған кадр

Астанада бір күн бұрын жол тазалаушыға шабуыл жасаған жүргізуші қамауға алынды. Жұмысшының өзі де жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен жүргізуші бес тәулікке қамауға алынды. Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды.

Жұмыс орнында мас күйінде болған жол қызметкері де жауапқа тартылды. Оқиға оның жүргізушінің әйелін балағаттауынан басталғаны анықталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан