Жәнібектің арқасында 4 адамның анасы табылды: бельгиялықтар асырап алған бала елге келді

Жәнібектің арқасында 4 адамның анасы табылды: бельгиялықтар асырап алған бала елге келді
Фото: qazradio.fm/instagram

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді. Бұл туралы Қазақ радиосы журналистері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталған.

"Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр", - деп жазылған радио мәліметінде.

Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі болды.

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Кейін "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы Жәнібекке анасын іздеуге көмектесті. Бірнеше әйел ДНҚ сынамасын тапсырды, алайда бірде-бір нәтиже оң шықпады.

Ал журналист Қымбат Досжан полиция істі тексеріп жатқанын жазған еді.

"Арқалық Полиция басқармасы перзентхана мен балалар үйі қызметкерлерімен жұмыс істеп жатыр", - деп жазды ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова