Бүгін Алматыда Алғыс айту күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін Алматыда Алғыс айту күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

1 наурыз - алғыс айту күні. Осыған байланысты еліміздің өңірлерінде түрлі іс-шаралар өтеді. Ал Алматыда Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар 29 ақпанда басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 ақпанда сағат 11:00-де Мемлекеттік мұрағатта Алматы қаласының этномәдени қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен "Алғыс айту - асыл қасиет" дөңгелек үстелінің отырысы өтеді.

Мереке күні Алматы мектептерінде сынып сағаттары мен ашық сабақтар, сондай-ақ, қалалық кітапханаларда кітап көрмелері мен әдеби сағаттар өтеді.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 1 наурызда өтетін іс-шаралар тізімі:

  • Таңертең сағат 10:30-да "Сенім" әлеуметтік қызметтер орталығында сағат 10:30 - да "Алғыс айту - парызым" концерті өтеді;
  • Ал сағат 11:00-де  №2 қалалық балалар үйінде "Жаңа ғасыр" жастар театрының актерлары "Арыстан патша" спектаклін қояды;
  • 11:00-де Мемлекеттік қуыршақ театрында "Алладиннің сиқырлы шамы" спектакльі көрсетіледі;
  • Сағат 11:00-де Ахмет Байтұрсынов мұражай-үйінде ғалымдар, тарихшылар мен алаштанушылардың қатысуымен Алғыс айту күніне орайластырылған дөңгелек үстел өтеді;
  • Түстен кейін сағат 15:00-де Alatau Cretive Hub-та мектеп оқушылары арасында "Алғысқа толы ақ жүрек!" поэтикалық конкурсы болады;
  • Дәл осы уақытта Д. А. Қонаев музейінде мерекеге орай "Құрметті Дінмұхамед Ахмедұлы" хаттар көрмесі ашылады;
  • Сағат 16:00-де Н.Тілендиевтің мемориалдық музейінде "Ризашылық мейірімділік бұлағы" атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады;
  • Дәл осы уақытта Мемлекеттік қуыршақ театрында "Арыстанның қорқынышын қалай емдеуге болады?" спектакльі көрсетіледі.

Алматы қаласының волонтерлік ұйымдары мереке күні қалалық коммуналдық қызметтерге шай мен бауырсақ таратуды және қаланың пансионаттарында жалғызбасты зейнеткерлерді құттықтауды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қаланың әрбір комьюнити орталығында концерттер мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, қаланың кейбір аудандарында мерекелік концерттер өтеді:

  • 29 ақпанда сағат 15:00-де Түрксіб ауданы №6 Оқушылар үйінде Алғыс айту күніне арналған "Алғысым шекіз халқыма" атты концерттік іс-шара өтеді;
  • 1 наурызда сағат 12:00-де Наурызбай ауданы Шұғыла ш/а, 347/4 мекенжайы бойынша оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында мерекелік концерт өтеді;
  • 1 наурызда сағат 12:00-де Әуезов ауданы Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде Қабдолов көшесі, 12 мекенжайы бойынша ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

1 наурыз - алғыс айту күні

Тағы да оқи отырыңыздар: Алғыс айту күніне алғыс сөздер мен тілектер

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә