Ақмола облысында шенеунік ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін сотталды

Ақмола облысында Целиноград ауданындағы жергілікті атқарушы органның бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Целиноград ауданының прокуратурасы автожол саласындағы тексеріс нәтижелері бойынша Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу және салу кезінде жерглікті атқарушы органның бұрынғы басшысы және кәсіпкер 1,2 миллиард теңге сомасына бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады.

Аудан прокуратурасы тіркеген 2 қылмыстық іс бойынша соталды тергеуді Ақмола облысының прокуратурасы арнайы прокурорлары жүргізді.

Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрынғы басшысы қамауға алынған.

1,2 млрд теңгеден аса көлемінде келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

2024 жылғы 12 ақпанда осы шенеунік Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және бас бостандығынан айрылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!