iPhone-да екі бейсенбі пайда болды. Телефоныңызды тексеріп көріңіз!

Қазақстандықтардың iPhone телефонында кенеттен екі бейсенбі пайда болды. Оның себебі - Қазақстанның UTC +5 біріңғай уақыт белдеуіне көшуі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осы аптада жаңа уақытқа көшетін Қазақстанның әртүрлі өңіріндегі Apple өнімін пайдаланушылар ауа райындағы бейсенбі еселеніп кеткенін байқады. Оның себебі қазақстандықтар дәл бейсенбі күні түнде жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытуынан болуы мүмкін. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленгенін жазған болатынбыз.

2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек. 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан өңірлерінде бірыңғай сағат белдеуіне көшу фонында мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты.

Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшу бойынша әмбебап нұсқаулықтарды ұсынды.

Оқи отырыңыз: UTC+5 уақытына көшсек, елде не өзгереді?