Баланы тіл-көзден қалай қорғауға болады?

Баланы тіл-көзден қалай қорғауға болады?
Фото: pixabay.com

Кейде үйге қонақ келіп кеткеннен кейін немесе бір жаққа барып келгеннен кейін балаңыз ауырып қалуы, қырсығып, жылауық болып кетуі немесе түнде шошынып ояна беруі мүмкін. Бұл балаға көз тигенін көрсетуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Womanhit-ке сілтеме жасап.

"Жаман көзден немесе көз тиюден барлық мәдениетте ғасырлар бойы қорыққан. Балаға кейде энергетикасы ауыр адамның көзі тиюі мүмкін. Ол адам бұл жайлы тіпті білмеуі де мүмкін. Сондай-ақ көре алмайтын және жамандық тілейтін де адамдар бар", - дейді эзотерик Катерина Власова.

Баланы көз тиюден қалай қорғауға болады?

Тұмар тағу

Әртүрлі мәдениетте кең тараған әдістің бірі – балаға қорғаныш тұмарын тағу. Ол білезік, түйреуіш және басқа да әшекей түрінде болуы мүмкін.

"Мұндай тұмарлар кез келген жаман ниетті жұтады деп саналады. Оның қандай түрін таңдау керегін әр ата-ана жеке сенімі мен қалауына қарай өзі шешеді", - дейді эзотерик.

Қызыл жіп

Бұрыннан келе жатқан дәстүрдің бірі – бала қолына қызыл жіп байлау. Ол барлық жағымсыз әсерден қорғайды деп саналады. Баласының қолына қызыл жіп байлаған ананың немесе әженің махаббаты баланы тіл-көзден сақтайды.

Май жағу

Батыс және шығыс астрологтары жағымсыз энергияға қарсы тұратын арнайы майларды қолдануды жиі ұсынады.

"Балаға май жағып, жеңіл массаж жасау оны көздің жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Бұл ежелден келе жатқан дәстүр. Бұл мақсатта әдетте лаванда, раушан, сандал және кедір майларын қолданады. Бірақ эфир майының құр өзін қолданбаңыз: балаларға арналған майға бірнеше тамшы эфир майын тамызыңыз", - дейді маман.

Кристалдар

Кристалдар бұрыннан метафизикалық қасиеттерімен танымал.

"Әр кристалдың негативке қарсы тұра алатын өзіндік энергиясы бар. Жағымды және қорғаныш орта жасау үшін кристалдарды баланың бөлмесіне қойыңыз", - дейді Катерина.

Түтінмен тазалау

Көптеген мәдениетте жанған шөптер түтінімен тазалау дәстүрі бар.

"Үйдің ішінде жанып жатқан камфара, жусан немесе сәлбен тәрелкесімен жүріп шығыңыз. Содан соң үйді бір желдетіп алу керек. Шөптердің түтіні жағымсыз энергияны жояды деп саналады", - дейді Катерина.

Ашық түсті киім

Көзге түсетін өрнегі немесе гүлдері бар киімдер де баланы көз тиюден сақтай алады. Катеринаның айтуынша, кей мәдениеттерде күрделі өрнектер мен ашық түстер адамның көзі балаға емес, киімге түсуіне ықпал етеді деп санайды.

Оқи отырыңыз: Сізге көз тигенін қалай білуге болады?

А. Жапатова