Самат Әбіш Қазақстанда - Бас прокуратура

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Қазақстаннан кетпегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберген болатын.

Әсет Шындалиев ол ешқайда кетпегенін атап өтті.

"Істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатқандықтан оның мәртебесі сотталушы шығар", - деді Бас прокурордың орынбасары Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Ол іс жабық өтіп жатқанын, істе мемлекеттік құпия барын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодексі 362-бабы 4-бөлігі бойынша ("Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану") қылмыстық іс қозғалған болатын.

Еске салайық, Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз