Қарағандыда тастанды баланың ата-анасы табылды

Қарағандыда полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар - 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел.

"Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән жайы анықталып жатыр", - деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатқаны хабарланды.

Жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-шығыс ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде нәресте жатқанын айтқан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз