Уролог бүйректе тастың түзілуіне түрткі болатын азық-түлікті атады

Уролог бүйректе тастың түзілуіне түрткі болатын  азық-түлікті атады
Фото: Freepik.com

Медицинада бүйректе жиналатын тастың урат, фосфат және оксалат секілді 3 түрі бар. Сондықтан бүйрегінде тасы бар адамдарға кейбір тағамдарды жеуге болмайды. Ол қандай өнімдер? Дәрігер Дмитрий Журавский жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Уролог бүйрегінде оксалатты тас бар науқастарға қымыздық, асжапырақ, ақжелкен, аскөк, рауғаш, қызылша, цитрус жемістерін жемеген жөн екенін ескертті. Өйткені ағзада қымыздық қышқылы көп жиналса, ағзадан тұздың шығуын тежеп, салдарынан тас түзіледі. 

Сонымен қатар, қымыздық қышқылы какао ұнтағында көп мөлшерде кездеседі. Какаоны сүтпен араластырмаған абзал, әйтпесе сүттегі май какао құрамындағы оксалаттың сіңуін арттырады. 

Дмитрий Журавский ақуызы жоғары ет зәр қышқылының және зәрдегі кальцийдің жоғарылауына ықпал етуі мүмкін екенін еске салды. Осыған байланысты қызыл ет, ішек-қарын, шошқа майы, майлы сорпалар мен дірілдек (холодец) ерекше қауіп төндіреді.

Тұзды тым көп тұтыну сұйықтықты ағзада сақтап, кальцийдің шығарылуын тездетеді, салдарынан тұз тұндырылады. Сондықтан тұзды күніне 5 граммға дейін тұтыну керек.

Оған қоса, дәрігер "бүйректе тас түзілсе, сыра көмектеседі" деген қауесеттің шындыққа жанаспайтынын айтты. Өйткені сыраның пайдасынан, зияны көбірек. Сондай-ақ, басқа да алкогольді сусындарды мейлінше аз тұтынған жөн, себебі олар тұз түзіліп, тастың пайда болуына түрлі болады. 

Бүйрегінде тасы бар адамдар газдалған сусындарды ішпеуі керек. Өйткені олар тас түзілу қаупін арттырып, жалпы зәр шығару жұмысына теріс әсер етеді. 

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер бүйректе тастың пайда болуының алты белгісін атағаны хабарланған болатын. 

  • зәрдің түсінің өзгеруі, оған қан кету (гематурия);
  • температураның жоғарылауы;
  • жүрек айнуы;
  • құсу;
  • жиі кіші дәретке бару;
  • дәретханаға барғаннан кейін ауырсыну және жеңілдіктің болмауы.

"Қабылдау кезінде дәрігер клиникалық және биохимиялық қан анализін, сондай-ақ жалпы зәр анализін алуды ұсынады. Сонымен қатар, бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі тағайындалады, оның барысында маман тіпті пайда болған тастарды, сондай-ақ пиелография және урография сияқты зерттеулерді көре алады", - дейді Ольга Малиновская.

Тағы да оқи отырыңыздар: Күндіз ұйықтау зиян ба?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә