"Денсаулық керек екен". Әбунасыр Серіков қандай ауруға шалдыққанын айтты

Танымал актер, "Нысана" театрының негізін қалаған Әбунасыр Серіков қандай ауруға шалдыққанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "ХабарLike" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Қанша киноға продюсерлер шақырды. Мен бара алмадым, емделдім. Ең алдымен денсаулық керек екен. Қазір жарық (грыжа - еск.) мен қант диабетін емдетіп жатырмын. Бәрі Алланың қолында, бұйырса жазыламыз", - деді актер. 

Құралай Анарбекова актердің киноға түсуі үшін Шымкентке қуғыншы да жіберген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!