"Оның арқасында көп адам аяққа тұрып кетті". Әшім Ахметов алғаш рет әкесі туралы айтты

"Оның арқасында көп адам аяққа тұрып кетті". Әшім Ахметов алғаш рет әкесі туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін - танымал актерлер Әділ мен Әшім Ахметовтердің әкесінің туған күні. Әшім Ахметов алғаш рет әкесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туалы ол 1001 түн бағларламасына берген сұхбатында бөлісті.

"Әкем 63-ке келді. Тікелей эфирде асқар тау әкемді құттықтағым келді. Біздің дәл осындай адам болуымызға әкемнің септігі көп. Ол - дәрігер. Оның арқасында көп адам жазылып, аяққа тұрып кетті. Туған күніңіз құтты болсын. Мен сізді жақсы көремін. Мен үйдің еркесі болғандықтан, еркелеп өстім. Бірақ әке мен бала арасында субординация болу керек деп ойлаймын. Бірақ кез келген жағдайда оған жүгіне аламын. Әкем өнерді қатты бағалайды. Біз туралы шыққан газет, эфирлерді жинап жүреді, ақылын айтады. Ковид болғанда да тынбай жұмыс істеді", - деді актер. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек