Қар, жаңбыр, тұман: 28 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қар, жаңбыр, тұман: 28 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер 28 ақпанда елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жаңбыр мен қар жауатынын және екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысында батысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан