Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Tengrinews.kz

2024 жылғы 27 ақпандағы сағат 21:30-дағы жағдай бойынша қолайсыз ауа райының салдарынан екі облысында республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылғы 27 ақпандағы сағат 21.30-дағы жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 30 шақырым бір автожол. (қар көшкіні қаупіне байланысты):

  • "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары", Берел а.-Рахман қайнары. (автокөліктің барлық түрі үшін).

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 шақырым 1 автожол (боран, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты:

  • "Алматы-Ташкент-Термез", Кенен а. - Қайнар а (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады, автокөліктің барлық түрі үшін).

Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға 363 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан