"Өте мейірімді". Жүсіп Ақшораның келіні атасы туралы айтты

"Өте мейірімді". Жүсіп Ақшораның келіні атасы туралы айтты
Фото: Видео кадры

Танымал актер Жүсіп Ақшора мен келіні Динара Сайлаубайқызы әлеуметтік желіде түрлі видео түсіріп, қолданушылар көңілінен шықты. Өнер иесі мен келіні "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында ата мен келіннің арасындағы қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Келінді тыңдаймыз. Келін біздің болашағымыз ғой. "Ата бірнәрсе түсірейік. Танымал болмасам да, байқап көрейін" дегесін бірден келістім. Келінім өзі актриса, әнші, әртіс. Өнері көп. Біздің бала ғой шығармай қойған", - деді Жүсіп Ақшора.

Актердің айтуынша, Динараның келін болып түскеніне он жыл болған. 

"Күйеуім басында қарсы болды. Бірақ қазір рұқсатын берді. 2-3 жыл жылдан бері блог жүргізсем деп едім. Кішкентайымнан өнер саласына қызығатынмын. Өнер саласын бітіргенмін, дипломым бар. Ән айтатын болғандықтан, қыз ұзатуға рұқсат берді. Бірақ оны енді қолға алдым", - деді актердің келіні.

Динара Сайлаубайқызы атасының қандай екенін айтты. 

"Барлық жерде айтып жүремін, атам өмірде де, үйде де өте мейірімді. Келіні болайын, қызы болсын бәріне мейіріммен қарайды. Атам 5-6-да оянып алады. Өз тамағын өзі дайындап, іше береді. Біз достарымызбен қыдырып, келесі күні ұйықтап қалсақ, атам немерелеріне тамағын дайындап береді", - деді Динара Сайлаубайқызы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек