Алматы тұрғыны бірнеше такси жүргізушісін алдап кеткен

Алматы тұрғыны бірнеше такси жүргізушісін алдап кеткен
Фото: polisia.kz

27 жастағы С.есімді азамат қаланың кемінде төрт тұрғынын алдап кеткен. Келтірілген шығын көлемдері 10-15 мың теңге аралығында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тергеу барысында қаскөйдің такси шақырғаны белгілі болды. Жолда жүргізушімен сөйлесіп, оның сеніміне кіріп, біраз уақытқа белгілі бір соманы қарызға бере тұруын өтініп, "жұмысқа" қайта барған соң қайтарып беруге уәде еткен. Кейбір такси жүргізушілері еш ойланбастан белгісіз біреуге көмектесті. Қазіргі уақытта бізге 4 адам арызбен жүгінді. Күдікті ұсталды", - деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Әбдінұр Тасыбаев.

Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотты болған. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан