Ұйықтар алдында тым көп тамақ жеп қойсаңыз, ағзада не болады?

Ұйықтар алдында тым көп тамақ жеп қойсаңыз, ағзада не болады?
Фото: depositphotos.com

Кейбір адамдар түнде ұйықтар алдында тым көп тамақ жейді. Бұған стресс, іш пысу, әдеттегі әдет немесе ұйқының бұзылуы себеп болады. Алайда бұл денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін ұмытпаған жөн. 

Неліктен түнде тамақтанбаған абзал?

Түнде ұйықтар алдында тым көп тамақ жеу артық салмақтың жиналуы мен семіздікке әкеледі. Өйткені кешке ағза энергияны күндізгідей жұмсамайды, яғни ұйықтағанға дейін оны қорытып, сіңіріп үлгермегендіктен, артық калория жиналады. 

Түнгі ашқарақтық несімен қауіпті?

Шамадан тыс тамақтану артық салмақтың жиналуы мен семіздіктің дамуына әкеп соқтыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және басқа да аурулардың даму қаупін арттырады. 

Сонымен қатар, ұйықтар алдында тамақтану тыныш ұйықтауға кедергі болуы мүмкін. Өйткені ауыр немесе майлы тағам асқазан жұмысына кері әсер етіп, қыжыл мен ұйқысыздық, диарея мен іш қату тудырады. 

Қалай ұйықтар алдындағы ашқарақтықтың алдын алуға болады?

Жағымсыз салдар мен ыңғайсыздықтың алдын алу үшін дұрыс тамақтану режимін ұстану керек, ал егер түнде қарныңыз ашып, немесе қатты тамақтанғыңыз келсе жеңіл тамақ жеуге тырысыңыз. Ұйықтаудан кем дегенде 2-3 сағат бұрын тамақтанып, ертерек жатыңыз. Көкөніс, жеміс немесе йогуртты көбірек тұтыныңыз.

Негізі түнде шамадан тыс тамақтану денсаулыққа қауіп төндіреді, сондықтан тамақтану режимін қадағалап, қашан және не жейтінімізге назар аудару керек.

Айта кетейік, бұған дейін үш күн бойы тамақ ішпесе, не болатыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда сырттай оқуға бола ма?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә