Ішекке қауіп төнеді: үлкен дәретті тежегенде, ағзада не болады?

Ішекке қауіп төнеді: үлкен дәретті тежегенде, ағзада не болады?
Фото: Pixabay.com

Өміріңізде бір рет болсын дәрет сындырғыңыз келсе де, дәретханаға бармай, тежеген кезіңіз болған шығар. Сарапшылар мұның салдары қандай екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәретханаға барғыңыз келген кезде шықпайтын болсаңыз, ағзада ішек жұмысы тоқтайды. Егер ішек жолдары уақытылы босатылмай, үнемі іште қалса, уақыт өте келе ас қорыту жұмысы бұзылады. Бұл ішектің кебуіне, кернеу және жүрек айнуға әкеп соқтыруы мүмкін. 

Сонымен қатар, нәжісте тек тағамдық компоненттер емес, ластаушы заттар да бар, сондықтан олар ішекте ұзақ тұрмауы керек.

Дәретті уақытылы сындырмай, керісінше, тежейтін болсаңыз нәжіс қатып қалуы мүмккін, салдарынан іш қату пайда болады. Ал ол көтеу (геморрой) мен ішек жолдарының жарылуына әкеп соқтырады.  

Айта кетейік, бұған дейін дәреттен жағымсыз иіс шықса: Себептері қандай екені хабарланған болатын.

  • Ас пен сусын;
  • Бүйректегі тас;
  • Қант диабеті;
  • Бүйрек жеткіліксіздігі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Алкоголь адамға қалай әсер етеді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә