Мына бес күндік диета өміріңізді бірнеше жылға ұзартады

Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары бірнеше күн бойы аз мөлшерде тамақтанатын диета түрінің адам өмірін бірнеше жылға ұзартатынын дәлелдеді. Зерттеу нәтижесі Nature Communications журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Диета FMD (Fast Mimicking Diet) деп аталады. Диета ас мәзірі бойынша адам күніне 1000 калорияға дейін ғана тұтынуы керек. Ағза мұндай диетаны аштық деп ойлап, ұзақ өмір сүруге көмектесетін ферменттер мен басқа химиялық заттарды бөледі. 

Ғалымдар тексеру үшін диета ұстаған адамдарды 3 күн бойы бақылады. Бірінші күні қатысушылар 1100 калория жеді, ал 2-5 күндері шамамен 720 калория тұтынды. Содан кейін тәжірибеге қатысушы 18 бен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 25 күн бойы әдеттегідей тамақтанды.

3 айдан кейін ғалымдар қатысушылардың қан үлгілерін талдап, бескүндік диетаны ұстағандарда инсулинге төзімділік және қандағы қант деңгейі секілді қант диабетінің қауіп факторлары төмендегенін анықтады. Сондай-ақ, оларда жүрек ауруы, инсульт және қант диабеті қаупін арттыратын метаболикалық синдром қаупі төмендегендіктен, іш пен бауырдағы майдың мөлшері азайған. Бұл диета түрі тіпті қатерлі ісік ауруының қауіп факторын төмендетуі мүмкін. 

Бұдан бөлек, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қатысушылардың биологиялық жасы төмендегенін көрсетті. Яғни, хронологиялық жасқа қарағанда жасушалар мен тіндердің 2,5 жылға жақсы жұмыс істейді. Бұл диета ағзаны жасартатынына дәлел.

Айта кетейік, бұған дейін диета ұстағанда неліктен бас ауыратыны хабарланған болатын. 

  • Глюкоза жетіспейді;
  • Аралық ми бөліміне күш түседі;
  • Ағзаның уланады;
  • Сусыздану;
  • Физикалық жүктеменің көп;
  • Кофеиннен бірден бас тарттыңыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тың игерудің жағымсыз салдары қандай болды?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!