Жетісу облысында құны 1 миллиард теңгеден асатын конкурстың күші жойылды

Жетісу облысында құны 1 миллиард теңгеден асатын конкурстың күші жойылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу конкурстары кезінде заңбұзушылықтардың алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңір прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорған қаласының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.

Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын себепсіз жоғарылатып, сол арқылы өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Тағы бір жағдайда қала көшелерін жөндеуге құны 500 миллион теңгеден асатын конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, актілерді ұсынбаған.

Прокуратура шараларымен заңбұзушылықтар дер кезінде анықталып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуына мүмкіндік жасалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова