"Олар қалай баға береді?" Тұрысбек Сәукетай мемлекет сыйлық тағайындайтын комиссия жұмысын сынады

"Олар қалай баға береді?" Тұрысбек Сәукетай мемлекет сыйлық тағайындайтын комиссия жұмысын сынады
Фото: Видео кадры

Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, "Жұлдыз" журналының бас редакторы Тұрысбек Сәукетай мемлекет сыйлық тағайындайтын комиссия жұмысын сынады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Еркін сұхбат" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.

"Бізде Мемлекеттік сыйлық дұрыс бағаланбайды. Комиссия мүшесіндегі 44 адамның 6-7-еуі ғана әдебиетші, көбі орыс тілді. Олар қалай баға береді? Ал мен "маған дауыс берші" қазақпайшылыққа салынуым керек екен. Менің таныс-тамырым да жоқ. Маған бір дауыс жетпеді. Мұхтар Мағауиннің шарапаты тиді. Бізге жазушыларға менеджерлер керек", - дейді ол. 

Тұрысбек Сәукетайдың "Сүткенже", "Айлы түн еді", "Қайыңдар, аппақ қайыңдар", "Көлеңкелер патшалығы" прозалық кітаптары мен "Ай караңғысы", "Желқайық" романдары жарық көрді. Ол Ги де Мопасанның новеллаларын, Голда Мерейдің "Менің өмірім" атты ғұмырнамалық повесін тәржімалаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек