Кастингте көп актриса мен модель бақ сынады: Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Кастингте көп актриса мен модель бақ сынады: Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты
Фото: dimashnews.com

26 ақпанда Ыстамбұлда Димаш Құдайберген When I’ve got you атты жаңа туындысын таныстырды. Премьера өнерпаздың Түркияда өтетін жеке концертіне байланысты баспасөз конференциясы аясында өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейнебаянның негізгі идеясы Димаш пен бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа тиесілі: "Әлемге әйгілі әнші өзінің алғашқы ашық сұхбатын беруге шешім қабылдады. Ол таңдаған жас журналист "Ал, егер…" деп басталатын түрлі уайымға толы сауалдары көбейіп, қатты қобалжып, уайымға салынды.

"Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі, бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көреміз", - деді режиссер.

Ғалым Асылов пен жобаның екінші режиссері әрі желілік продюсер Жәнібек Ғұсманов түсірілім барысы өте қызық болғанын және Алматыда өткенін хабарлады. Бейнебаянға 70-тен астам Қытайдан келген мамандардың тартылып, шығармашылық топ жұмыс істеген. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалды.

Басты кейіпкердің рөліне көп актриса мен модель өз бағын сынаған.

"Ежелгі антикалық мәдениетті іздеу оңай болмады. Сол себепті, бейнежазба үш жер пайдаланылды. Шығармашылық команда интерьердің әрбір элементінде, костюмнің әрбір деталында және әрбір кадрда жұмбаққа толы оқиғалар жасауға тырысты", - деп жазды әншінің жеке сайты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан