Павлодарда жүкті әйелді ұрды деп айыпталған жоғары шенді полиция қызметкері қызметінен қуылды

Павлодарда жүкті әйелді ұрды деп айыпталған жоғары шенді полиция қызметкері қызметінен қуылды
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда қол астындағы жүкті қызметкермен болған жанжалдан кейін полиция департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының полиция департаменті хабарлауынша, полиция қызметкері өз әрекетімен құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірді, ол қызметінен қалпына келтіру құқығынсыз босатылды.

"Бұйрыққа сәйкес, Павлодар полиция басқармасы орталық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары теріс мотивпен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды", - деп хабарлады полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Полиция қызметтік тергеу аяқталып, тиісті шаралар қабылданғанын хабарлады, алайда оқиғаның мән-жайын ашып айтпады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан