Өскемендік 4-сынып оқушысы Тоқаевқа өтініш айтты

Өскемендік 4-сынып оқушысы Тоқаевқа өтініш айтты
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы өскемендік жас спортшылармен әңгімелесіп, оларға ізгі тілегін арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жеңіл атлетикамен айналысып жүрген 10-сынып оқушысы Аружан Рамазанова Ольга Рыпакова сияқты даңқты спортшы болуды армандайтынын жеткізді.

Ал кішкентай футболшы, 4-cынып оқушысы Әлтайыр Бақытұлы Президенттен жабық шағын футбол стадионын салып беруді өтінді. 

"Біз жас футболшылармыз және сіздердің командамызды қалай қолдап жатқаныңызды көріп отырмыз. Біздің облысымыздағы ауа райы ашық алаңда ойнауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан сізден бізге жабық стадион салып беруіңізді сұраймыз.  Ислам Чесноков (Қазақстан құрамасының Өскемендік футболшысы) сияқты жаңа таланттар шығатынына сенімдімін", - деді 4-сынып оқушысы Әлтайыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан