"Айтысын жақтырмаймын". Жүрсін Ерман Айшолпан Тілеутай туралы айтты

Айтыскер ақын Жүрсін Ерман қазіргі жастардың айтысы туралы айтты. Тіпті айтыскер Айшолпан Тілеутайды жақтырмайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Жүрсін Ерман АЙТЫС STRICE бағдарламасына берген сұхбатта айтты.

"Айшолпанның айтысын мен жаратпаймын. Дөрекі сөздермен айтысады. Өзін-өзі ұстауы да сондай айқай-шуға басып. Бірақ халық сұрағаннан кейін қосамыз. Халыққа не керек? Шу керек, шоу керек. Ол шоумен өзінше. Осындай ақындар бар"

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!