Шымкентте жүк көлігінің моторы жанып кеткен: жүргізуші жарақат алды

Шымкентте жүк көлігінің моторы жанып кеткен:  жүргізуші жарақат алды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкентте жүк көлігі жанып, жүргізушісі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 ақпанда сағат 13:55-те Шымкент қаласы Абай ауданы Бәйдібек би даңғылы бойында жүк көлігінің моторы жанып кеткен.

"Өрт сөндіру бөлімшесі келгенше 2002 жылғы автокөлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылған. Өрт сағат 14:15-те оқшауланып, сағат 14:24-те толығымен сөндірілді", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Өрт орнына Шымкент қаласы ТЖД 12 адамы, 4 техникасы жұмылдырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова