Тоқаев Ердоғанды 70 жас мерейтойымен құттықтады

Тоқаев Ердоғанды 70 жас мерейтойымен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, Түркия президентінің көреген саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында бауырлас елдің одан әрі қарқынды дамып, халықаралық қоғамдастықтағы беделі арта түсетініне сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы серіктестікті кеңейтуге баса мән бере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты өркендету мәселесі жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезіндегі күн тәртібінің жүзеге асырылу барысын талқылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова