Ақпанның аяғында күн жылиды

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронттар солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға әсер етеді. Қар жауып, тіпті кейбір аудандарда жел күшейеді.

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аймақтарында атмосфералық фронттар өтіп, жауын-шашын жауып, көктайғақ болып, тұман түседі.

"Еліміздің батысында жауын-шашынсыз, желсіз ауа-райы сақталады, күндіз өңірлерде ауа температура 0-5 градус жылы болады", - деп жазылған мәліметте.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!