ТМД бойынша ең кәрі министрлер қай елде?

Еліміздегі министрлердің орташа жасы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

20 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстандағы министрлердің орташа жасы - 49,9 жас.

Жасы ең үлкені – Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ол - 62,5 жаста. Екінші және үшінші орындарды Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов (58 жас) және Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров (57,7 жас) иеленді.

Ең жас министр – Марат Қарабаев, ол небәрі 36,6 жаста. Екінші және үшінші орындарды Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов (40,3 жас) және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (41 жас) иеленді.

Сонымен қатар ЕАЭО елдері министрлерінің орташа жасы да анықталды. Одаққа кіретін бес елдің министрлерінің орташа жасы - 50,9 жас. Қазақстанда 21 министрдің 10-ының жасы осы орташадан жоғары.

Ең жас министрлер - Армения үкіметінде. Олардың жасы - 40,9 жас. Ең үлкен жас иелері Ресей министрлері. Олардың орташа жасы - 55,1 жас. Онымен қоса, Қырғызстанда министрлердің орташа жасы - 52,6, Беларусь үкіметнде бұл көрсеткіш - 51,6 жас.

Жасұлан Ордабаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!