Ақмола облысында әкімдіктегі лауазымды тұлғалар үш жыл бойы бюджет қаржысын негізсіз алып жүрген

Ақмола облысында әкімдіктегі лауазымды тұлғалар үш жыл бойы бюджет қаржысын негізсіз алып жүрген
Фото: Tengrinews.kz

Ақмола облысында әкімдіктегі лауазымды тұлғалар үш жыл бойы бюджет қаржысын негізсіз алып жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Целиноград ауданының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн. теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды.

Бұл факт бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина