Қарағанды мектептерінде жарамдылығы өтіп кеткен дәрілер сақталған - прокуратура

Қарағандыда прокурорлық тексеріс барысында оқушыларға медициналық қызмет көрсетілмегені, жарамдылығы өтіп кеткен дәрілер сақталғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"2022 жылдан бастап қаладағы мектептерде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмеген. Білім ордасының бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрінде шұғыл емдеуде қолданылатын жарамдылық мерзімі өткен "Преднизолон" ампулалары сақталған. Сондай-ақ, облыстағы басқа мектептерде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтсе де сақталған дәрілік препараттар табылды", - деп жазылған хабарламада.

Тексеріс барысында мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7 мың баланың құқығы қорғалды.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз