Танымал кәсіпкер жол апатынан қаза тапты: Желіде видео пайда болды

Танымал кәсіпкер жол апатынан қаза тапты: Желіде видео пайда болды
Фото: ©️ instagram/dorogi_karagandy

Желіде танымал қарағандылық кәсіпкер Петр Васильченко қаза тапқан жерден видео пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны dorogi_karagandy Instagram-парақшасы жариялады. Кадрда көлік тиелген Газельдің өртеніп жатқаны, оның жанында кәсіпкер тізгіндеген жеңіл көлік көрінеді, болжам бойынша бұл - Мерседес көлігі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

Еске салайық, жол апаты 23 ақпанда сағат 12:30-да Қарағанды ​​облысындағы Ақшатау ауылынан 10 шақырым жерде болған. Васильченко Mercedes-AMG GLS 63 маркалы автокөлігімен келе жатып, Қарағанды-Балқаш тасжолында Газельмен соқтығысқан. Кәсіпкер оқиға орнында көз жұмды, әйелі ауруханаға жеткізілді. "Газель" толығымен өртеніп кетті.

Васильченко нан және нан өнімдерін шығаратын "Орион" компаниясының иесі болды. Кәсіпкер 2022 жылғы мамырда Ерлан Нығматулиннің ағаларынан "Балқаш Нан" нан өндіретін кәсіпорынды сатып алған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек