"Барғым-ақ келіп еді, бұйырмады". Роза Әлқожа қызына жазба арнады

"Барғым-ақ келіп еді, бұйырмады". Роза Әлқожа қызына жазба арнады
Фото: instagram.com/roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожа қызы ойнайтын қойылымның премьерасына бара алмағанын айтып қынжылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Кеше қызымыздың театрда премьерасы болды. "Жұмыс істеп жүрген жері қандай екен, баламыздың театры қандай, атмосферасы қалай?!" деп осы жолы барғым-ақ келіп еді, бұйырмады. Бойжеткеннің ролі өзіне кішкентай роль боп көрінгенімен, бұл бізге - үлкен сахнаға жолдама алғандай, ұлылардың ізіне түскендей әсер қалдырды. Кинода, сериалда танылып жатқанымен театрдың жөні бөлек!

Қасиетті жерде жасалған қадамың құтты болсын, қызғалдағым!
"Махаббат мұнарасымен" басталған театрдағы жолың Халықаралық дәрежеге, Эйфел мұнарасына жеткізсін!" - деп жазған ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек