"Уәлибектің, Бауыржанның көлеңкесінде жүре бересің". Берік Тұрсынбеков "Шымкент шоуды" қалай құрғанын айтты

"Уәлибектің, Бауыржанның көлеңкесінде жүре бересің". Берік Тұрсынбеков "Шымкент шоуды" қалай құрғанын айтты
Фото: instagram.com/beriktursnbekov.official/

Көпшілікке Күлпаш ролімен танымал, актер, продюсер, "Шымкент шоу" театрының директоры Берік Тұрсынбеков көп театрда неге тұрақтамағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Тәжірибе жинадым, өзім жеке бастағым келді. Маған "Шаншарда" жұмыс істейтін Алма Салихова ұстазым "Сен Уәлибектің, Бауыржанның көлеңкесінде жүре бересің, одан да өз көлеңкеңде көрсейші. Театр көп болу керек" деді. Ол кезде мен 21 жастамын. Өкіл әкем қолғабыс болды. Уәлибек пен Бауыржанның алдынан өттім, аздап ренжіп қалды. Сөйтіп фестивальдерге шығып бастадық", - деді ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек