Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін бе?

Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін бе?
Фото: Tengrinews.kz

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев аймақтағы сейсмикалық жағдайға баға беруге болатынын, бірақ ол абсолютті болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол Алматыдағы сейсмикалық жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

" Әлемде ешкім болашақ жер сілкінісінің орны, күші немесе эпицентрі туралы 100% болжам жасай алмайды. Бұл мәселемен әлемнің барлық ғалымы айналысып жатыр. Біздің сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия біз 24/7 алған деректерге негізделген, ықтималдығы 0,7, яғни 70% болатын қорытынды береді",- деді  Дәулет Сәрсенбаев.

Сонымен қатар, ол Алматыда жағдай тұрақты және азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина