Алматы облысында 157 адам баласына алимент төлеудің орнына ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген

Алматы облысында 157 адам баласына алимент төлеудің орнына ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген
Фото: Tengrinews.kz

Алматы облысында 157 адам баласына алимент төлеудің орнына ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының прокуратурасы алимент бойынша 157 борышкерді анықтады, олар құмар ойындарға 426 млн.теңгеден астам қаражат жұмсаған.

Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, өз балаларына қатысты қалауының болмауы немесе немқұрайлылық салдарынан букмекерлік кеңселерде құмар ойындар ойнаған.

Мысалы, алимент бойынша бір миллион теңгеден астам қарыз болған жағдайда бір ғана борышкер өзінің шотын 24 миллион теңгеден астам сомаға толықтырды.
Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралармен бүгінде 31 құмар ойнына салынғандар 38 миллион теңгеден астам сомаға алимент бойынша қарыздарын өтеді.
6 борышкерге қатысты алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.
Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, облыс прокуратурасы борышкерлердің назарын алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) көзделген жауапкершілік туралы ескертеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина