ШҚО-да іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

ШҚО-да іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Фото: Polisia.kz

Полиция ШҚО-да іздеуде жүрген шетелдікті ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өскеменде полицейлер жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік қылмыскерді ұстады. 25 жастағы тәжікстандық азамат бір жылдан астам уақыттан бері алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған.

Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Тәжікстан Республикасындағы әріптестерге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, биыл ШҚО ПД қызметкерлері іздеуде жүрген 15-тен астам қылмыскерді қолға түсірген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина