Ақмола облысында шетелдік азамат бір ай бойы із-түзсіз кеткен

Ақмола облысында жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция Өзбекстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматы Рахманқұлов Құлмаханбет Абдухалилұлын іздестіріп, тапты. Ер адамды бір ай бойы полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді.

Рахманқұловтың хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы арыз 22 қаңтарда Біржан сал ауданының полиция бөліміне түскен. Туыстарының айтуынша, 52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген.

Іздеу шаралары ауа райының қолайсыздығына қарамастан тоқтаған жоқ. Жоғалған кісі 24 ақпанда Степногорск қаласына жақын орналасқан Қарабұлақ ауылында табылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз