Дәрігерлер шауырманың денсаулыққа күтпеген пайдасын атады

Дәрігерлер шауырманың денсаулыққа күтпеген пайдасын атады
Фото: freepik.com

Шауырманың денсаулыққа пайдасы көп. Бұл туралы кардиолог Герман Гандельман және иммунолог Андрей Продеус айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жить здорово!" сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, шауырма простата обыры, инсульт, инфаркт және қант диабетінің даму қаупін азайтады.

Сонымен қатар, кардиолог қызанақ пастасының пайдасы туралы да айтып өтті. Оның тұздығында онкологиялық аурулардан қорғайтын және жүрек-қан тамырлары саулығын қолдайтын ликопен заты бар. Ал шелпектегі марганец қант диабеті қаупін азайтады.

Иммунолог егер шауырмаға көп тұздық қоспаса, оның клориясы аз болатынын да жеткізді, 100 граммға 170 ккал. Көкөніс, ет пен шелпектің аз мөлшері - теңдестірілген тағам.

Тағы да оқи отырыңыздар: Суыққа неге аллергия болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә