"Еңкілдеп жылап аламын". Наркенже Серікбаева жұрттың көңіл айтқанын қаламайтынын айтты

"Еңкілдеп жылап аламын". Наркенже Серікбаева жұрттың көңіл айтқанын қаламайтынын айтты
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Наркенже Серікбаева Ақбаян Сапарбайдың подкастына берген сұхбатында адамдардың көңіл айтқанын қаламайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, адамдар көңіл айту арқылы қасіретін еске түсіреді.

"Дәл қазір маған көңіл айтпаяқ қойса деймін. Кейбір адамдар болады ғой, кездескенде "бара алмай қалдық, көңіл айтпадық" дейтін, мен оларға "жоқ, айтпаяқ қойыңыздаршы" деп айтамын. Бұл менің тәкаппарлығым емес, жай ғана өзім енді ғана гүл болып ашылып келе жатқанда, қайтадан басып тастағанын қаламаймын. Бәрібір, көңіл айтқан кезде ол адаммен бірге жүрген уақытым, күндерім есіме түседі. Сағынбайды емес, сағынамын. Тек жеке қалғанда, қызымды көргенде еңкілдеп бір жылап алатыным бар. Болды, содан кейін басыламын, сондықтан лажы болса айтпаса екен деймін.

Өлім хақ, сынақ. Бәріміздің баратын жеріміз бір", - деді өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін "Бірінші күйеуімнен ажыраспас едім". Наркенже Серікбаева өткен өмірінен сыр шерткені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Гидравликалық мәшинелер деп қандай мәшинелерді айтады? Олардың жұмысына қандай заң пайдаланылады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә